Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудандық қоғамдық кеңестің алдында есеп берді. Жиынды аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов ашып, жүргізіп отырды.

Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан басқосуда аудан басшысы 2024 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы ауқымды жобаларды да айтып өтті.

– 2024 жылдың 6 ай қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсім бар. Өнеркәсіп өндірісі – 8,0 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 7,6 пайызға, ауыл шаруашылығы -13,1 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі –25,3 пайызға, тұрғын үй – 4,0 пайызға, сауда – 3,1 пайызға артты. Екі жыл бұрын білім саласын есепке алмағанда аудан бюджеті 10,5 млрд. теңгені құраса, бүгінде бюджет көлемі 6,3 млрд. теңгеге артып, 16,8 млрд. теңгеге жетті. Яғни, 60 пайызға өсім бар, – деді аудан басшысы.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстармен алдағы жоспарларды тыңдаған кеңес мүшелері ауданда жасалып жатқан жұмыстардың барлығына оң бағасын беріп, алдағы міндеттерге табыс тіледі.

Өз кезегінде аудан әкімі алдағы уақытта халықтың сенімінен шығып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бағытында кеңес мүшелерімен бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Айта кетейік, басқосуға қоғамдық кеңес мүшелерінен бөлек, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп және бірқатар бөлім басшылары қатысты.

БӨЛІСУ