Халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдау – сайлау науқанының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта «Әділет» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер Ерсұлтан Иманғали мен Мөлдір Бекетова «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындардың үйлерін аралап, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Үміткерлер әр үйге барып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында өңірді дамытудың алдағы бес жылға арналған басымдықтары, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері түсіндірілді.
Ерсұлтан Иманғали тұрғындармен әңгіме барысында өңір экономикасын дамыту мен халықтың табысын арттыру мәселелеріне тоқталды.
«Өңірдің дамуы ең алдымен экономиканың тұрақтылығына және тұрғындардың табыс деңгейіне байланысты. Сайлауалды бағдарламамызда кәсіпкерлікті қолдау, өндіріс орындарын дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттары қамтылған. Әсіресе жастардың еңбек нарығында өз орнын табуына, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік жасау маңызды. Экономикалық өсімнің нәтижесі әрбір отбасының тұрмысынан сезілуі керек», – деді Ерсұлтан Иманғали.
Ал Мөлдір Бекетова әлеуметтік бағыттағы міндеттерге назар аударды. Оның айтуынша, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселелері қатар шешілуі қажет.
«Сайлауалды бағдарламамызда әр отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттер бар. Сапалы білім, қолжетімді медициналық көмек, әлеуметтік қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер беру – маңызды басымдықтар. Сонымен қатар тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін жол, ауыз су, газ және коммуналдық инфрақұрылым мәселелерін шешу де назарда. Біз үшін әрбір тұрғынның ұсынысы маңызды, өйткені өңірдің дамуы халықтың нақты сұранысымен үйлесуі керек», – деді Мөлдір Бекетова.
Үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы барысында тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар оларды 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттары сайлауында «Әділет» партиясын қолдауп дауыс беруге шақырды.
Тапсырыс беруші: Базартай Ж.Н
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді