СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕКТЕП ФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ү.ж. 17 тамызы күні «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында оқушылардың мектеп формасының жәрмеңкесі өтеді.

Бұл жәрмеңкеге жергілікті «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, жеке кәсіпкерлер «Бибі-Айша» және «Zere» тігін цехтары және тағы да басқа кәсіпкерлер өз өнімдерін аудан тұрғындарына ұсынады.

Жәрмеңке Тереңөзек кенті Аманкелді Иманов көшесі бойындағы <<Серікбол>> сауда үйінің алдында өтеді.

Жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!

БӨЛІСУ