ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Жалағаш ауданында ауыл спортшылары арасында өткен XXXIX облыстық «Алтын күз – 2026» спартакиадасының президенттік көпсайыс бойынша жалпы командалық қорытындысы жарияланды.
Жарыс нәтижесінде Жалағаш ауданының спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. Екінші орынды Сырдария ауданы иеленсе, үздік үштікті Арал ауданы түйіндеді.
Айта кетейік, биылғы дүбірлі додаға облыстың 7 ауданынан 1500 спортшы қатысып, спорттың 16 түрінен өзара мықтыны анықтады.
Ауыл спортының дамуына серпін беріп, спортшылардың шеберлігін шыңдаған ауқымды жарыс Жалағаш жерінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ауыл спортының абыройы асқақтап, жеңісті күндер жалғаса берсін!

БӨЛІСУ