Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен мамыр айындағы мерекелерді атап өту және кезекті оқу жылын қорытындылау мәселелері бойынша мәжіліс отырысы өтті.

Облыс әкімінің мәжілісінен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбек берілген тапсырмаларға қатысты арнайы жиналыс өткізді.

Аудан басшысы идеология саласына жетекшілік ететін орынбасарына және бөлімдерге мемлекеттік мерекелерді жоғары деңгейде атап өту үшін арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану, оқушылардың жазғы демалыс уақытын мазмұнды ұйымдастыру жөнінде бірқатар міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, барлық мекеме басшыларына санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру мәселесіне және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына басымдық беріп, оның бұқаралық сипат алуын басты назарда ұстау қажет екендігін айтты.

БӨЛІСУ