2026 жылғы 19–24 қазан аралығында Қызылорда қаласында театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXI республикалық фестивалі өтуде.
Фестивальдің ашылу салтанаты қызыл кілем үстіндегі шерумен басталды. Шараға қазылар алқасының мүшелері, құрметті қонақтар мен еліміздің әр өңірінен келген театр ұжымдары қатысты.
Салтанатты жиында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы құттықтау сөз сөйлеп, қазақ театртану ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Бағыбек Құндақбаевтың шығармашылық мұрасы мен ұлттық театр өнеріндегі айрықша орнын атап өтті. Және Бағыбек Құндақбаевтың қыздары Гүлжамиля мен Күлипа Бағыбекқызына шапан жабуып, гүл шоқтарын ұсынып, ерекше құрмет көрсетті. Мерекелік бағдарлама жергілікті өнерпаздар мен театр әртістерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Іс-шара аясында құрметті қонақтар бірінші қабатта ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалады. Көрмеде Бағыбек Құндақбаевтың өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін фотосуреттер, еңбектері мен театртану саласына қосқан үлесін айшықтайтын құнды материалдар ұсынылды.