АРАЛДА ПОЛИЦЕЙДІ ӨЛТІРІП, БОЙ ТАСАЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының қазасына қатысты іздеуде болған күдікті ұсталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бірнеше күн бойы бой тасалап жүрген. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ол Сазды ауылының арғы жағындағы қопалы аумақтан қолға түскен.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің қылмысқа қатысы мен істің барлық мән-жайы анықталуы тиіс.
Еске салсақ, бұған дейін Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза болғаны, ал күдіктінің полицейге бұрыннан таныс болғаны хабарланған еді.
Күдіктіге қатысты соңғы ақпаратты ресми органдар әлі растаған жоқ.

БӨЛІСУ