Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады.
Құттықтауында АҚШ Президенті Қазақстан халқының ел тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі кезеңде ұлттық мәдениеті мен тарихи мұрасын сақтап, оны одан әрі дамытып келе жатқанын атап өтті.
Дональд Трамп АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын білдірді. Сондай-ақ өзінің президенттік қызметіндегі екі кезеңде қалыптасқан екіжақты берік байланысты алдағы уақытта да одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
«Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе», – делінген құттықтау хатта.
Айта кетейік, Қазақстан биыл Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді.