Таң ауылдық округіндегі №136 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы белсенді өтіп жатыр. Таңның еңбеккерлері де маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне арнайы келді.
Атап айтқанда, «Таң ЛТД» шаруашылығының ұжымы бір кісідей жұмылып, дауыс беруге қатысып, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.
Күнделікті еңбегімен ел экономикасына үлес қосып жүрген шаруашылық қызметкерлерінің сайлауға белсенді қатысуы — қоғамдық өмірге деген жауапкершіліктің көрінісі.
Сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, тұрғындарға өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
Еңбек адамдарының ел өміріндегі маңызды науқанға белсене қатысуы — азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.