Шиелі ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, сайлау күні ерекше атмосферада өтуде.
Ақ дастархан жайылып, сайлаушыларға бауырсақ, айран және басқа да ұлттық дәмдер ұсынылуда. Бұл — ел үшін маңызды күнге өзіндік сән беріп, халқымыздың салт-дәстүрі мен дархан қонақжайлығын дәріптейтін жақсы бастама.
Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайлау учаскелерінде тұрғындар өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытуда.
Шиелі ауданында дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде жалғасуда.