Байқоңыр қаласында ТМД елдерінің қатысуымен өткен «Дружба народов» халықаралық фестивалінде Қызылорда облысының атынан өнер көрсетіп, жүлделі бірінші орынды иеленген Достық үйі – «Қоғамдық келісім» КММ Жалағаш ауданының «Ұлағатты аналар» кеңесі ұжымы ерекше тарихи сәттің куәсі болды.
Аудан әкімдігінің қолдауымен аналар кеңесінің мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері «Союз МС-28» зымыранының көкке көтерілу рәсімін арнайы шақырту бойынша тамашалады.
Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Президенттің Байқоңыр қаласындағы арнайы өкілі Қайрат Ырзақұлұлы қараша айында іске қосылатын зымыран ұшыру шарасына «Ұлағатты аналар» кеңесін арнайы шақырған болатын.
Бұл — аудандық аналар қауымының қоғамдық белсенділігі мен рухани-мәдени бағыттағы еңбегінің жоғары деңгейде бағалануының бір көрінісі.