Бүгін ауданымыздың Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл, Мәдениет, Мырзабай ахун, Қаракеткен, М.Шәменов ауылдық округтерінде тұрғындармен Қазақстан Республикасы «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес кеңейтілген қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қатысып тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдау азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өтініш-шағымдарын жедел қарау, қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою, жер, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларына қатысты өзекті сауалдарды кешенді түрде шешу мақсатында ұйымдастырылды.