Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің төрағалығымен өткен мәжілісте мерзімді әскерге шақыру мәселелері талқыланды.
Ғани Сүлейменов кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.
Жиын барысында 2025 жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ерсайын Бегімқұлов баяндады.
Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшылары мен ауылдық округтің жауапты мамандарына 2025 жылғы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатаң бақылауға алу, жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.