АУДАН ӘКІМІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРДІ

 Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде аудан көлемінде газ отыны тапшылығының алдын алу, сондай-ақ қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Аудан әкімі газ отынның тұрақты жеткізілуін, сондай-ақ, қоғамдық-саяси жағдайларға жіті назар аударып, кез келген маңызды шараны алдын ала келісіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажеттігін ескертті.

 Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына жұмысты күшейтіп, жауапкершілікті арттыруды тапсырды.

БӨЛІСУ