ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде салынып жатқан теміржол вокзалының жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарын бақылап көріп, құрылыс қарқынын жеделдету және аумақты көркейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, мұнда перронды жаңарту, жарық жүйесін орнату және аумақты көгалдандыру мәселелері де қарастырылған.

 Айта кетейік, аудан аумағындағы темір жолдың ұзындығы 47 шақырымды құрайды. Жалағаш станциясы арқылы «Алматы-1 – Ақтөбе», «Ақтөбе – Алматы-1», «Алматы-2 – Маңғыстау», «Маңғыстау – Алматы-2», «Қызылорда – Павлодар», «Павлодар – Қызылорда» жолаушылар пойызы өтеді.

БӨЛІСУ