Алматы облысының полициясы кәмелетке толмағандарды саудаға салу фактісін тоқтатты

ҰҚҚКБ қызметкерлері Қызылорда облысының 38 жастағы тумасын анықтады. Қылмыстық іс қозғалды.

– 25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

БӨЛІСУ