Өздеріңізге белгілі, Сырдария ауданы аграрлы аймақ болып табылады. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы саласы бойынша  2,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артты.

Ауданда 34 253 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде, күріштің көлемі 21 852 гектар (63,8 пайыз. 2023 жылы 21811 га, 1959 га артық).

Анықтама ретінде:жаздық бидай 2368 га, арпа 40 га, мақсары 391 га, күнбағыс 40 га, тары 4 га, жаңа жоңышқа 1853 га, ескі жоңышқа 6903 га, картоп, көкөніс бақша барлығы – 802 га.

Суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында аудан бойынша 13 шаруашылық құрылымы 31 даназаманауи лазерлік жер тегістегіш техникасымен
3340 гектар жерге тегістеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жаңбырлатып суару әдісімен 40 гектар жерге күнбағыс, 10 гектар жерге жүгері, 50 гектарға бақша дақылдарын орналастырып, күтіп баптауда.

Бүгінде егілген 2368 гектар бидайдың
1000 гектарынан 500 тонна өнім жиналды.

Ауданда 6 каналдың («Әйтек», «Оразбай», «Жетікөл Жарма», «Жас Қайрат», «Айжанкеткен», «Ақтам») 40,4 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.

Өздеріңіз білетіндей, екі жылдың көлемінде аймақ басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарынегу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 2023 жылы 359 гектар қосымша жер ашылса, биыл жер көлемі 420 гектарға дейін артып,
774 адам әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін егіп, нәтижесін көруде.

Бақша дақылдарын егуде аудан жастары белсенділіктанытуда. Айдарлы, Жетікөл,Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, А.Тоқмағамбетов елді мекендерінде жастар бригадалары 70 гектарға бақша дақылдарын екті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында 6 мәртеауыл шаруашылығыжәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерде «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 105 тонна азық-түлік алынып, базар бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды. Бұл жұмыстарға аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары да атсалысты.

БӨЛІСУ