2024 жылдың қаңтар-маусым айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 47287,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2023 жылдың осы деңгейіне қарағанда 151,5 пайызды құраған (мұнай және газ 71,0 пайызға ұлғайған есебінен). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 7413,0 млн. теңгені (108,5 пайыз) құрап отыр (сусындар 5,1 есеге, жеңіл өнеркәсіп 18,5 пайызға, мұнай өнімдерін өндіру 3,3 есеге ұлғайған).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2024 жылдың қантар-маусымында 2689,6 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артып отыр (ет өндірісі 4,1 пайызға, сүт 0,8 пайызға ұлғайған).

Инвестиция және құрылыс. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айында аудан экономикасына 37987,0 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда  166,5 пайызды құрады (кен орнын жайластыру, ұңғымаларды пайдалану, шығару және айдау желілері жобалары, Қызылорда-Жезқазған автожолоның құрылысы, көшелерді күрделі жөндеу, газ, электрмен қамтамасыз ету жұмыстар есебінен 65,5 пайызға ұлғайғаны әсер еткен).

2024 жылдың қаңтар-маусым айында 9532 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,4 пайызды құрап отыр. Салынған тұрғын үйлердің барлығы халықтың жеке қаражат есебінен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың 6 айында 8530,0 млн. теңгені құрап, 165,7 пайыз болып отыр.

Шағын және орта бизнес. Бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2024 жылдың қаңтар-маусымында 1438,6 млн теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайызды құрады (жанар-жағар май сатылымының ұлғайуына байланысты).

2024 жылдың 1 шілдесіне 2803 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелді. Оның ішінде 152 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1255 жеке кәсіпкерлер, 1396 шаруа және фермер қожалықтары.

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2715 болып, өткен  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда 84,9 пайызды құраған. Жұмыс жасап тұрған  кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 96,9 пайызды құрады.

БӨЛІСУ