Республикалық және облыстық бюджеттен «Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі жаңа ықшамаудан инфрақұрылымы (сумен жабдықтау желілері) (100 га) жұмысына 399,6 млн .теңге,  «Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жаңа ықшамаудан  инфрақұрылымы (сумен жабдықтау желілері) (35 га), жұмысына 125,2 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Бесарық ауылындағы спорткомплекстің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Жоба бойынша мемлекеттік – жекеменшік әдісімен құрылысы салынады. Қазір жобасын сараптамадан өткізуге келісім-шарт жасалды. Келісім-шарт сомасы 871,6 тенге, оның 30  пайызы 261,4 мың.теңге мердігерге аударылды.

№11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар –жасөспірімдер мектебінің А.Иманов көшесі №3 А ғимарат алаңына салынатын  жаттығу және стритбол алаңдары құрылысына жобалау-сметалық құжат дайындалып, экспертизадан өткізуге 203,1 мың.теңгеге келісім-шарт жасалды, оның  30 пайызы  60,0 мың.теңге мердігерге аударылды.

Аудан бойынша пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлер бойынша:

Бүгінгі күнге пайдалануға берілген жеке  тұрғын үйлер бойынша қаңтар  – наурыз  айларының (3-ай) қорытындысымен 2537,4 шаршы метр болып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 104,2 пайызға  орындалды.

БӨЛІСУ