Бүгінде Тереңөзек кентінің аумағы кеңейіп, халық саны да артып келеді. Осыған байланысты, автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салуға деген қажеттілік те өсуде. Биылғы жылы кентте көшелерді орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, аудан орталығында ұзындығы 8000 метрді құрайтын Қ.Бөдеев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Жолдың құрылысын «Ақтоған» ЖШС жүргізіп, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалғасады деп жоспарлаған.

Жолдың жөнделгені, жаяу жүргінші жолдарының салынуы жасөспірімдердің білім ордасына, тұрғындардың жұмыс орны мен қажетті орталықтарға қатынауына қолайлы жағдай қалыптастырады.

Осы ретте, тұрғындардың ұсынысы ретінде қолға алынған құрылыс жұмыстарына кент тұрғындары риясыз көңілін білдіруде.

Негізінен, аудан аумағында жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар Өткен жылы аудан бойынша жол саласына барлығы 32 жобаға 3,5 млрд. теңгеқаржы бөлініп, облыстық, аудандық маңызы бар және ауылішілік 78 шақырым жол жөнделді.

Атап айтқанда, республикалық бюджеттен бөлінген
1,3 млрд. теңгеге облыстық маңызы бар «Қызылорда-Айдарлы» жолының 30 шақырымыжәне 687,6 млн. теңгеге «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолының 12 шақырымыорташа жөндеуден өтті.

Ал, аудандық маңызы бар жолдар бойынша «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының
5 шақырымы және «Қызылорда-Жалағаш-Тереңөзек» автожолы орташа жөнделді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және бюджет көздерінен 8 елді мекенде 51 көше (Тереңөзек кенті – 32 көше, ұзындығы – 18,5 км; Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған, Іңкәрдария – 19 көше, ұзындығы – 11,4 км) асфальттанып, ел игілігіне берілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 99 пайызы, ауылішілік жолдардың 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетті.

БӨЛІСУ