Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алу тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың беймезгіл уақытта жүруін қадағалау, ата-аналар жауапкершілігін арттыру бойынша түнгі рейдтік жұмыстар аудан көлемінде жүргізілуде.

Рейд жұмыстарына кент және ауыл әкімдері, білім саласының мамандары және жергілікті полиция қызметкерлері қатысуда.

Профилактикалық жұмыстар барысында кент және ауылдарға қарасты жастар көп шоғырланатын орындар, орталық және шеткі көшелер қамтылды.

Құрметті ата аналар!
Балалардың түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында жүруіне қатысты заңда жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.

БӨЛІСУ