Бүгін басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы жұмыс сапарымен бірқатар аудандарға барды. Облыс аумағындағы білім ұйымдарында қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында басқарма басшысы алдымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр, Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылындағы орта білім ұйымдарында болды.
Нағи Ілиясов елді мекеніндегі №132 мектепке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы “МКК- “Элит Строй” ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда мектеп ғимаратында демонтаж және сылақ жұмыстарының 65% орындалған. Күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталып, мектеп жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдайтын болады. Сырдария аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мығымбаева Ләззат Рысмаханқызы басқарма басшысына құрылыс жұмыстарының барысы білім бөлімінің ұдайы бақылауында екендігін баяндады.
Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Күрделі жөндеуге «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында қаржы бөлініп, қазіргі таңда бас мердігер «СКО и Монтаж-Строй» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Мұнан соң басқарма башысы Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім нысандарының жұмысын бақылады. Мысалы, Жаңақорған ауданы №163 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын «Ауыл- Ел бесігі» жобасымен, мердігер «BAQ Building Group» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ басқарма басшысы аудандарға сапары барысында аталмыш аудандардың әкімдерімен кездесіп, құрылыс барысын бірлесе бақылауға шақырды.