Су шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатов су шаруашылығы саласы қызметкерлерін қабылдады.

Қабылдау барысында тіршілік тынысын кеңейтіп жүрген сала ардагерлері мен мамандарын төл мерекемен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

2023 жылы Аққұм және Мәдениет елді мекендерінде су тарату желілерін кеңейтуге 370,0 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, жаңадан ашылған «Ақтерек» тұрғын үй учаскесінде сумен жабдықтау жүйесінің және су тарату кешенінің құрылысына 883,3 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Осы ретте аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып отыр.

Сыр елінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Жүздеген жылдар бойы диқан қауымы дариядан тартқан тіршілік нәрімен егінін егіп, тіршілігін жасап келеді. Ал арнайы су шаруашылықтарының құрылып, жұмыс істей бастағанына ғасыр толып отыр.

Бүгінде ауданда ұзындығы 180 шақырымнан аса сумен қамтамасыз ететін және 200 шақырымнан астам қашыртқы дренаждық жүйелер бар.

БӨЛІСУ