Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада Қызылорда облысының құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, командалық есепте алдыңғы қатардан көрінді. Бұл – аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың білім саласына жасаған қамқорлығының нәтижесі. Әрі Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының тегеурінді талабы. Өңір білімпаздарының жүйелі дайындығы мен ұстаздардың сапалы еңбегінің айқын жемісі.
Олимпиада барысында оқушылар тарих, құқық, география, қазақ тілі мен әдебиеті сынды пәндерден өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеп, терең ойлау қабілеті мен жан-жақты дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде, Қызылорда облысының командасы жүлделі орындарға ие болып, өңір мерейін үстем етті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған ұстаздардың еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Олардың кәсіби біліктілігі мен табандылығы шәкірттердің биік белестерді бағындыруына жол ашты.
Бұл жетістік – тек жекелеген оқушылардың ғана емес, тұтас облыс білім саласының сапалы дамуының көрсеткіші. Алдағы уақытта да қызылордалық дарынды жастар республикалық, халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғай беретініне сенім мол.
