Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртайдың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Жиын барысында жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары, жасөспірімдердің болашағына бағдар жасау бағытындағы Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіне қарасты ұйымдар басшыларының, сондай-ақ ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің атқарылған жұмыстары талқыланды.
Сонымен қатар, қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мәселесі қаралып, елді мекендердің тазалығын сақтау мен абаттандыру жұмыстарын жүйелеу қажеттігі атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына профилактикалық жұмыстарды күшейту, жастармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.
