ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘМХАНАДА ГАЗ БАЛЛОНЫ ЖАРЫЛЫП, ЕКІ АДАМДЫ КҮЙІК ШАЛДЫ

Қызылорда қаласындағы Абай даңғылында орналасқан дәмханалардың бірінде газ баллонына байланысты төтенше жағдай орын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәмхананың мангал аймағында газ-ауа қоспасының жылыстауы салдарынан жарылыс болып, артынша өрт шыққан.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылар ғимарат ішіндегі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, қайталама жарылу қаупінің алдын алды.
Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан күйік алған екі адам медициналық мекемеге жеткізілді.

-2186664544506484443 07c77127342c45bfb7449c274c3d85bd

БӨЛІСУ