19 қыркүйек күні КАЗ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автожолының 1462/804 шақырымында, Қазалы ауданы аумағында екі автокөлік соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Құзырлы органдар жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.