ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Қызылорда облысында төрт күн бойы із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі каналдан табылды.
Іздестіру жұмыстары 22 шілде күні Қызылорда–Жезқазған автожолы бойындағы канал жағасынан оның киімдері мен жеке құжаттары табылғаннан кейін басталған.
Іздеу шараларына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, арнайы техника, қайық және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ер адамның мәйіті шамамен 10 шақырым төменгі ағыс аумағынан табылды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, азамат бірнеше күн бұрын демалыс кезінде жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

БӨЛІСУ