ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ: «ЖАЛЫН» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫН КӨРДІ

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназармен, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, «Білім» БПҰ төрағасы Еркебұлан Жақыппен бірге балалардың жазғы демалысына байланысты «Жалын» сауықтыру лагеріне барып, дайындық барысын көрді.

Қазіргі уақытта лагерь аумағында жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нысандар ретке келтіріліп, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда тынығуы үшін қажетті мүмкіндіктер қарастырылған және демалыс орнының аумағы абаттандырылуда.

Партиялық бақылау іс-шарасы барысында аудан басшысы лагерьдің санитарлық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына айрықша мән беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ барлық жұмыстарды сапалы аяқтап, жазғы тынығу маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыруды жауапты мамандарға тапсырды. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов лагерь аумағындағы жөндеу және жаңғырту жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуының маңыздылығын айтып өтті. Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар жазғы тынығу маусымында балалармен, олардың ата-аналарымен партиялық жобалар аясында жүйелі жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

БӨЛІСУ