ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ САЛАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Жалағаш ауданына Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директоры Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы және Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында қонақтар аудандық Руханият орталығының қызметімен жан-жақты танысты. Алдымен орталықтағы музей үйірмесін, Аналар бөлмесін, Ардагерлер бөлмесін, кітапхананы, сондай-ақ Қоғамдық келісім бөлмесін аралап, олардың бағыттары мен жұмыс тиімділігіне оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.

Сонымен қатар меймандар аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен Ассамблея мүшелерімен кездесіп, бірлестіктің өңірдегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту жолындағы тәжірибесімен танысты. Кездесуде атқарылған жұмыстардың нәтижелері, өзекті мәселелер, алдағы жоспарлар мен өзара ынтымақтастықты арттыру бағыттары талқыланды.

Жұмыс сапары қоғамдық келісімді одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және өңірлер арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталды.

БӨЛІСУ