АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

 Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 Аудан әкімі қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, бірқатар сұрақтар сол жерде жауапты сала басшыларының қатысуымен қаралды. Ал жекелеген өтініштер тиісті мекемелерге жолданып, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

 Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

БӨЛІСУ