Аудан әкімдігі, полиция бөлімі, білім бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, қоғамдық даму бөлімі, “AMANAT” партиясының аудандық филиалы және жастар ресурстық орталығының бірлесуімен аудан орталығында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүруіне жол бермеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында аудан орталығындағы жастар жиі жиналатын орындар, ойын-сауық нысандары, компьютерлік клубтар, мейрамханалар, түнгі клубтар мен дүкендер қамтылып, бақылау және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сауда және қызмет көрсету нысандарына кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктерді сатуға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.