Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында жүргізіліп жатқан мониторингтік жұмыстардың барысын бақылап шықты.
Бақылау жұмыстарына аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топтың мүшелері де қатысты. Аудан әкімімен бірге жұмысшы топ мүшелері аудан орталығындағы ірі азық-түлік дүкендері мен көтерме сауда үйлерін аралап, азық-түлік бағаларына талдау жүргізді.
Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасын сақтау, негізсіз баға көтеруге жол бермеу жөнінде ескерту жасалды. Сонымен қатар, тауар бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғындардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін маңызды мәселе екені айтылды.
Аудан әкімі бұл бағыттағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтіп, тиісті бөлім басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі