АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

Бүгін деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында АТТ мүшелері Арал қаласындағы Ұ. Қараманов атындағы № 262 мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс — шараның мақсаты дестурктивті діни ағымдардың алдын алу, әлеуметтік желіден діни ақпараттар алудың қауіптілігі, медиасауаттылық пен сыни ойлау және шетелде діни білім алудың зардаптары турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Аталмыш кездесуге Қызылорда облыстық дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының Арал ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі Е. Молдабаев және Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Н. Таукеев пен А. Отаров қатысты. Шара барысында жат ағымдардың алдын алу тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтар мамандар тарапынан жауапсыз қалмады.

БӨЛІСУ