БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ БАҒАЛАНДЫ

Білім – ұлт болашағының темірқазығы. Сол болашақтың берік іргесін қалауда талмай еңбек етіп, ұрпаққа сапалы білім, терең тәрбие беруді басты мұрат еткен жанның еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Бүгін облысымыздағы ең жоғарғы марапат, Қызылорда облысы әкімінің “Құрмет грамотасы” аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназароваға табысталды. Бұл марапат – тек бір адамның емес, бүкіл аудан мұғалімдерінің, мектеп ұжымдарының, білім саласына жанашыр жандардың ортақ еңбегіне берілген жоғары баға.

Санира Нұрқожақызы ұзақ жылдар бойы білім саласында табандылықпен қызмет етіп, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, ұстаздар қауымына қолдау көрсетіп келеді. Әрбір бастамасы – жүйелілікке, әрбір шешімі – әділдікке, әрбір ісі – болашаққа деген шынайы сенімге негізделген.

Осынау мәртебелі марапат – жаңа белестерге жетелейтін қуаныш, еңбектің еленгенінің көрінісі.

Аудандық білім бөлімі мен бөлімге қарасты барлық ұйымдардың атынан Санира Нұрқожақызын шын жүректен құттықтай отырып, абыройыңыз артып, еңбегіңіз жемісті болсын, білім саласындағы бастамаларыңыз бен ізгі істеріңіз жалғасын таба берсін дейміз!

БӨЛІСУ