«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

Руханият орталығының мәжіліс залында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті. Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ауыл тұрғындарына тегін құқықтық кеңес берді.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

Шараға аудандық прокуратурасының прокуроры Әділжан Оразғали, аудан әкімінің орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция, білім, денсаулық сақтау, салық қызметі және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Акция барысында 20-дан астам кент тұрғыны өздерін толғандырған құқықтық сұрақтарына нақты жауаптар алып, заң саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алды. Сонымен қатар, қатысушыларға интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында ақпараттық жадынамалар таратылды.

«Халық заңгері» акциясы тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың заңдық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

БӨЛІСУ