ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АЯСЫНДА САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала ардагерлері мен қызметкерлерін арнайы қабылдады.

Салтанатты шарада табиғатты қорғау бағытында табанды еңбек етіп жүрген сала мамандары мен сала ардагерлерінің еңбегі ерекше атап өтіліп, бірқатар сала мамандары мен сала ардагерлеріне облыс және аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Өмірзақ Елеусінов пен сала ардагерлері сөз сөйлеп, орман шаруашылығы саласының қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, сала қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тіледі.

БӨЛІСУ