Бүгін 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті.
Турнирге аудан бойынша 10 команда қатысып, жеңіс жолында тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жоғары деңгейде дайындықпен келіп, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
III орынды – Аудандық қоғамдық даму бөлімі командасы еншіледі;
II орынды – Аудан әкімі аппаратының командасы иеленді;
I орынды – Аудандық білім бөлімі командасы жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, ойын барысында ерекше көзге түскен футболшылар арнайы номинациялармен марапатталды:
«Үздік шабуылшы» номинациясы – Аудан әкімі аппаратының ойыншысы Нұртас Төлегеновке,
«Үздік қақпашы» номинациясы – Аудандық өрт сөндіру бөлімінің ойыншысы Әзтай Мұстафаға табысталды.