КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, аға прокуроры Б.Байсбаев және тиісті мекеме басшылары қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде:
1. «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында әлеуметтік желілерде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізілуі туралы» — Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов және Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің тәрбие жөніндегі маманы Н.Базарбаева хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердің қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады.

БӨЛІСУ