АБАЙ МҰРАСЫНА ТАҒЗЫМ: «МЕН БІР ЖҰМБАҚ АДАММЫН…» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Бүгін М.Шоқай атындағы орталық алаңда ашық аспан астында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Мен бір жұмбақ адаммын…» атты театрландырылған қойылым-концерт өтті.

Тарих пен тағылымды, поэзия мен парасатты, ұлт пен ұрпақтың сабақтастығын ұлықтаған кеш көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Абай әлеміне терең бойлаған мазмұнды сахналық көріністер, шынайы бейнелер және жүрекке жеткен жыр жолдары жұртшылықтың көңілінен шықты.

Қазақтың бас ақыны Абайдың өлмес мұрасын дәріптеген бұл мәдени шара — ұлттық құндылықтарды насихаттап, жастардың рухани өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

БӨЛІСУ