Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Әжібеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 млрд. 836,2 мың теңгені құрады. 8695 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3454 гектарға, картоп 130 гектарға, көкөніс 1329 гектарға, бақша дақылы 990 гектарға егілді. Ал, мал шаруашылығы бойынша, 1100,1 тонна ет, 1093,8 тонна сүт, 149,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жалпы, қала бойынша мүйізді ірі қара 31 407 бас, уақ мал 35 709 бас, жылқы 21 257 бас, түйе 3306 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.
— Мақсатына сәйкес пайдаланбаған кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы үшін берілген жер учаскелерін заң талаптарына сәйкестендіру бағытында мониторинг жұмыстары өз жалғасын табуда. Бүгінде осындай 616 гектар жер учаскесі мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарылды. 180 жер учаскесі, атап айтқанда жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған (игерілмеген) кәсіпкерлік мақсатында 76 жер учаскесі, мемлекеттік жерді заңсыз иеленіп, артық қоршау жүргізген 73 меншік иесі, жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 31 меншік иесінің құжаттары Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Нәтижесінде меншік иелеріне ҚР жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, көлемі 1,66 гектарды құрайтын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленген 37 тұлғаға әкімшіліктік жазалау шаралары қолданылды, — деді бөлім басшысы Мейрамбек Темірханұлы.
Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша 71 099 азамат жер кезектілігіне тіркелген. 2005 жылғы кезектіліктен қалған 2 387 азаматқа жер учаскелерін табыстау жұмыстары жүргізілуде. Ал, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 110 маманға 43,2 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 25 маманға 196,6 млн.теңге бюджеттік кредит бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда қаласы бойынша 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 млрд. 836,2 мың теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткенжылмен салыстырғанда 102,2 пайызды құрады.
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері 100,0 пайыз, мал шаруашылығы өнімдері 102,3 пайыз.
Егін шаруашылығы
Биылғы жылы 8695 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Ерте көктемде егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары аяқталып, бүгінгі күнге 985 гектарға жаңа жоңышқа, 531гектарға жаздық бидай, 30 гектарға жаздық арпа, 15 гектарға қант құмайы,13 гекатарға судан шөбі егіліп, 1 318 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.
Күріш дақылын егу жұмыстары сәуірдің 23-нен басталып, 3454 гектары егіліп, суға бастырылды. Күріш дақылының жоспарланған егіс көлемінен 355 гектар кем егілді.
2449 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егу жоспарланып,
130 гектар картоп, 1329 гектар көкөніс, 990 гектар бақша дақылы егілді.
Сонымен қатар ораққа түсетін 1318 гектар мал азықтық ескі жоңышқа шөбінің бірінші орымынан2536 тонна, екінші орымынан 500 гектары орылып, 1000 тонна жоңышқа шөп дайындалды.Екінші ору жұмыстары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарына қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 3278 тонна, арамшөптерге қарсы гербицидтердің қажеттікөлемі 3025 литрді құрап, толығымен сатып алынды.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 154 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты. Оның ішінде 97 дана трактор,
22 трактор тіркемесі, 21 соқа, 9 дән сепкіш, 5 жүк көліктері.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті269,5 тонна дизель отынын жеткізіп беруші операторлар «РК Мұнай» және «Жібек жолы LTD» ЖШС-і белгіленді. Бүгінгі күнге шаруашылық құрылымдарының қажетті дизель отынының сұранысы бойынша жеткізіліп берілуде.(1 литрі 254теңгеден)
Мал шаруашылығы
Қала бойынша 2025 жылдың 1 маусымынамүйізді ірі қара 31 407 бас, уақ мал 35 709 бас, жылқы 21 257 бас, түйе 3 306 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 22,9%-ға, қой-ешкі – 27,2%, жылқы 0,2%-ға көбейсе, түйе 4,6%-ға, құс 2,7%—ғакеміген.
Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 1 100,1тонна ет (тірі салмақта), 1 093,8 тонна сүт және 149,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 2,7%-ға, жұмыртқа өндіру 0,5 пайызға артса, сүт өндіру 0,1 %—ға артқан.
Техникалық инспекция саласы
2025 жылдың 6 айдың қорытындысы бойыншаауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 34 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 238 дана техникалық паспорттар мен 238дана мемлекеттік белгілер берілді. 67 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделіп, 17 дана өтініш түсіп, 134 дана ауылшаруашылығы және жол құрылыс техникалары мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
2025 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 110 маманға 43,2 млн.теңге (1 маманға 393 200тг) бөлініп, бүгінгі күнге 75 маманға 29,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді. Бюджеттік кредитке 25 маманға 196,6 млн.теңге (1 маманға 7 864 000 тг) бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлығы 6 (алты) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бөлім бойынша 2025 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан – 2800 өтініш хат тіркелсе, 1840 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде, «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 1481 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 359 қызмет көрсетілді.
Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 15жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 1791 құжат қаралды, оның ішінде
825 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 966 өтініш бойынша ҚР Жер кодексінің және ҚР Сәулет, және қала құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылған.
Жер қатынастары саласы бойынша жыл басынан бері 834 қаулы жобасы әзірленіп, қала әкімдігімен қабылданды.
Бөлімде 2025 жылдың 6 айында 468 жалғаберу шарты,
246 сатып алу-сату шарты жасалды.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2005 жылдан қалғаны 2387 азаматпен бірге
2025 жылдың 6 айын қоса алғанда барлығы 71099азамат кезекке тіркелген.
Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылдың сәуір айынан бастап сәулет және қала құрылысы бөлімімен жер учаскелері зерттеліп, 2005 жылы кезекке тіркелген барлығы 11 163 азаматтан қалған 2387 азаматтарға жер учаскелерін 3 жыл мерзімге табыстау жұмыстары жүргізілуде.