Қазіргі таңда, қаланы көгалдандыру жұмыстары бағытында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында жаңа механизм енгізілді.
Жалпы «Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасының 5 жылға құны 18,6 млрд.теңгені құрайды.
Аталған жоба қала аумағын жүйелі түрде көгалдандыру, жасыл желек көлемін арттыру және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында қолға алынған.
«КазСтройКапитал» компанияның құрамында 250 қызметкер жұмыс атқарады, ал техникалық жабдықталуы 50 бірлікзаманауи техникамен қамтамасыз етілген. Бұл қатарда су тасығыш көліктер, электрлік шаңсорғыштар және түрлі арнайы техника бар. Жұмыстар күндізгі және түнгі ауысымдарда да жүргізіледі.
Бүгінгі күні, қала аумағында 46 100-гежуық тал көшеттері мен 800 000 данабіржылдық гүлдер (петуния, виола, тагетис және т.б.), 13 500 данакөпжылдық гүл көшеттері отырғызылды және 10 000 ш.м астам алаңға көгал (газон)төселді.
Сонымен қатар, «Hunter» технологиясына негізделген автоматты суару жүйесі енгізілді. Жүйе аясында 45 шақырымнан астам құбыр тартылып, 5000-нан астам спринклер мен ротор орнатылды, 25 дана ұңғыма мен насос станциялары салынды.
2025 жылы қала аумағындағы 3 демалыс орны қайта жаңғыртылуда.
Атап айтқанда, мәдени және демалыс паркі (жоба құны- 6,3 млрд.теңге) абаттандырылып пайдалануға берілсе,Тұңғыш Президент саябағы (жоба құны- 14,7 млрд.теңге) мен Қорқыт ата атындағы саябақтарында (жоба құны- 1,0 млрд.теңге) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар қаладағы 18 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға және ойын алаңдарын салуға қалалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қаржы бөлу жоспарлануда.
Оның ішінде, 19 шағын футбол алаңы, 25жаттығу алаңы, 21 балалар ойын алаңдары,15 аула ішілік шаруашылық алаңы мен 13 демалыс орны қарастырылған.
Сонымен қатар көпқабатты 20 үйдің қасбеттерін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілуде.