ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2025 жылғы 1 шілдеге қорытындылары.

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2025 жылдың қаңтар—мамырға айына 217 742,6 млн. теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 89,1 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде 158 135,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 85,6 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 66,1 пайызын құрады. Есепті мерзімде 997,1мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 84,0 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 171,5 млн. текше метрді құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 95,6 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 38 117,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 107,5 пайызға артты.

Есепті мерзімде резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 155,1 пайызға, шыны өнімдерін өндіру 117,5 %, тамақ өнімдерін өндіру 116,8 пайызды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 19 105,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 89,9пайызды құрады. Есепті мерзімде 637,6 млн. квт сағ электр энергиясы және 355,8 мың гкал жылу энергиясы өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен тиісінше 108,6 пайызды және 99,5 пайызды құрады.                        

Сумен жабдықтау саласында өнім көлемі  2 384,5млн. теңгені құрап, 8 038,5 мың текше метр табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 121,3пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі
2025 жылдың қаңтар—мамыр айына 1 836,2 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 102,2 пайызға артты.

Мал шаруашылығы. 2025 жылдың 1 маусымғаменшіктің барлық нысандары бойынша 31 407 бас ірі қара мал, оның ішінде 14 329 бас сиыр, 21 257 бас жылқы, 3 306 бас түйе, 35 709 бас қой мен ешкі, 16 344 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ірі қара мал 122,9 пайызды, сиыр 93,1пайызды, жылқы 100,2 пайызды, түйе 84,3 пайызды, қой мен ешкі басы 127,2 пайызды, құс 97,3 пайыздықұрады.

Есепті мерзімде  1 100,1 тонна ет (тірідей салмақпен), 1 093,8 тонна сүт,
149,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 102,7 пайызға, жұмыртқа өндіру 100,5 пайызға, сүт өндіру 100,1пайызға артты.

Егін шаруашылығы. Қызылорда қаласы бойынша биылғы жылы 8 709 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленуде.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3 689 га, бидай 118 га, қант құмайы 150 га, жаңа жоңышқа 985 га, ескі жоңышқа 1 318 га, картоп 130 га, көкөніс 1 329 га және бақша 990 га.

2449 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егу жоспарланып, 130 гектар картоп, 1329 гектар көкөніс, 990 гектар бақша дақылы егілді.

Сонымен қатар ораққа түсетін 1318 гектар мал азықтық ескі жоңышқа шөбінің бірінші орымы басталып, 500 гектарынан 1000 тонна жоңышқа шөп дайындалды.

Вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу мақсатында қолда бар 23 дана СНП-500 су қондырығыларын пайдалануға дайын.

Қашыртқылар, каналдарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары бойынша шаруашылықаралық және ішкі каналдардың 199 мың текшеметр топырағы шығарылып, 4 дана гидробекеттер, 4 дана су құрылыстары жөндеуден өткізілді.

Биылғы жылдың егісіне 1080 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған тұқымының 4.0 пайызын отандық сорттар, 96,0 пайызынРесейлік сорттар құрап отыр. Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша 20,0 тонна «Сыр сұлуы» және 20,0 тонна «Маржан», Ресейлік сорттар бойынша 780,0 тонна «Лидер», 260тонна «Янтарь» сорттары.

Ауыл шарушалығы құрылымдарына қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 3278 тоннаны құрап, толығымен сатып алынды. (аммонийсульфаты 2 086,4 тн, карбамид 857 тн, аммофос 556,6 тн).

Арамшөптерге қарсы гербицидтердің қажетті көлемі 3025 литрі толығымен сатып алынды.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 154 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты. Оның ішінде 97 дана трактор,
22 трактор тіркемесі, 21 соқа, 9 дән сепкіш, 5 жүк көліктері.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 269,5 тонна дизель отынын жеткізіп беруші операторлар «РК Мұнай» және «Жібек жолы LTD» ЖШС-і белгіленді. Шаруашылық құрылымдарының қажетті дизель отынымен қамтамасыз етілді. (1 литрі 254 теңгеден)

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 

2025 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 110 маманға 43,2 млн.теңге (1 маманға 393 200 тг)бөлінді, бүгінгі күнге 75 маманға 29,4 млн. теңге жәрдемақы берілді. Бюджеттік кредитке 25 маманға 196,6 млн.теңге (1 маманға 7 864 000 тг)бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады.

Негізгі капиталға инвестиция салу 2025жылдың қаңтар—мамыр айына меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға     124 272,6 млн. теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 136,5 пайызға артты.

Қаржының 12 122,6 млн. теңгесі (9,8%) республикалық бюджет, 35 040,1 млн. теңгесі (28,2%) жергілікті бюджет, меншікті қаражат 44 847,1 млн. теңгесі (36,1%), басқа да қарыз қаражаты есебінен 7 604,5  млн. теңгесі (6,1%), банк кредиттері 24 658,3(19,8%)игерілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 45 357 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 194,3 пайызға артты.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2025жылдың 1 маусымға жалпы ауданы 140 827 шаршы метр, оның ішінде: халық қаражаты есебінен 87 843шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 77,9 пайызды құрады.

Сырдария өзенінің сол жағалауында № 2 ауданындағы  5 қабатты 10 тұрғын үй салуға  облыстық бюджеттен 471,0 млн. теңге және қалалық бюджеттен 2 415,4млн. теңге қаржы бөлінді. (2024 жылы облыстық бюджеттен 5 762,5 млн. теңге қаржы бөлінді, жоба аяқталмаған)

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға  республикалық бюджеттен 3 827,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 25 016,2 млн. теңге (1 978 пәтер), апаттық деп танылған үйлердің тұрғындарына коммуналдық тұрғын үй қорынан   135 пәтер сатып алуға 1 672,7 млн. теңге. Барлығы 30 516,9 млн. теңге.

Қаланың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында Ұлттық қордан, республикалық, облыстық бюджеттерден барлығы 2 464,6 млн. теңгебөлінді. Оның ішінде:

— Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданында орналасқан 5 қабатты, 10 тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылым желілерінің құрылысы 460,0 млн. теңге;

— Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданында орналасқан 5 қабатты, 10 тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылымының құрылысы. Бас жоспар және телефон желілері 553,5 млн. теңге.

—Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, 180 А корпусы, 180 Б корпусы, 180 В корпусы, 180 Г корпусы, 180 Д корпусы мекенжайы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді абаттандыруға 385,3 млн. теңге;

— Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол жағалау мекенжайы бойынша көпқабатты тұрғын үйлер салу. Бас жоспарына 333,8 млн. теңге;

Газбен жабдықтауға Ұлттық қордан, облыстық бюджеттен, қалалық бюджеттен 637,6 млн. теңге. Оның ішінде:

— Қызылорда қаласы,  Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр, Талдыарал елді мекендері және Төрттам учаскесіне жаңадан газ құбырын жүргізуге 105,8 млн. теңге;

— Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 1-ші іске қосу кешеніне Ұлттық қордан 200,0 млн. теңге;

— Қызылорда қаласында орамішілік газ құбырлары желісін салу (ақ дақтар) 31,8 млн. теңге;

Жылумен жабдықтауға облыстық бюджеттен797,5 млн. теңге Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау (1 кезек). Аяқталмаған кезек.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен барлығы 9 027,2 млн. теңге бөлінді.Оның ішінде:

-Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру. Түзету республикалық бюджеттен 720,4 млн. теңге, қалалық бюджеттен 1 329,4 млн. теңге;

— Қызылорда қаласының кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау және жаңғырту. Рабочая көшесінің бойындағы 3 агрегатқа арналған №13 «Гагарин» КСС республикалық бюджеттен 101,3 млн. теңге;

— «Қызылорда қаласында Камалов көшесі бойымен Н.Шаменұлы көшесінен Көкенов көшесіне дейін су құбыры желісін жаңартуға облыстық бюджеттен 216,9 млн. теңге;

— «Қызылорда қаласында Ге Бон У көшесі бойымен Қазақстан көшесінен Ш.Айманов көшесіне дейін, Ремонтников (Киселев) көшесі бойымен Қазақстан көшесінен Ш.Айманов көшесіне дейін, Путейцев көшесі бойымен Қазақстан көшесінен Жанқожа батыр көшесіне дейін су құбыры желісін қайта жаңарту» жобасына облыстық бюджеттен 294,1 млн. теңге;

— «Қызылорда қаласында Байсеитова көшесімен «Сейхун» институты, «Евразия» спорткомплексі, Есенов көшесі, Мұратбаев атындағы орталық стадионнан №5 КНС-ке дейінгі өздігінен ағатын кәріз желісін қайта жаңғырту» жобасына облыстық бюджеттен 112,2 млн. теңге;

— «Қызылорда қаласындағы Жанқожа батыр көшесі темір жол арқылы және Жанқожа батыр көшесі тұрғын үйлер бойындағы, Айтбаев көшесінен Айтбаев-Желтоқсан қиылысындағы СҚ-на дейінгі су құбыры желісін қайта жаңғырту» жобасына облыстық бюджеттен 202,9 млн. теңге;

— «Қызылорда қаласы орталық бөлігінің су құбыры желілерінің құрылысы» жобасын қоса қаржыландыруға 7,4 млн. теңге;

— «Қызылорда қаласында Ыдырысов көшесімен, Журба көшесінен Ыдырысов тұйығына дейінгі су жүйелерін қайта жаңғырту» жобасына облыстық бюджеттен104,2 млн. теңге;

— «Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдың округінде жалпы қуаттылығы 1440 текше метр болатын 3 дана ұңғыма бұрғылау» жобасына облыстық бюджеттен 282,9 млн. теңге;

— Қызылорда қаласы, Белкөл ауылында су құбыры, қысымды кәріз желілерінің құрылысы 70,5 млн. теңге;

— Қызылорда қаласының қуаты 70 мың метр куб №12 КСС аумағынан биологиялық тазарту станциясынан дейін 2 қысымдық кәріз желісін реконструкциялауға облыстық бюджеттен 3 300,0 млн. теңге;

— Қызылорда қаласының құаты 70 мың метр куб №1 КСС аумағынан биологиялық тазарту станциясынан дейін 2 қысымдық кәріз желісін реконструкциялауға облыстық бюджеттен 1 765,4 млн. теңге;

— Қызылорда қаласы Сабалақ елді мекеніне су қоймасының құрылысы. Түзету жобасына 389,1 млн. теңге;

— Қызылорда қаласы Тұран көшесіндегі су құдығынан бастап Ақжарма көшесіндегі су құдығына дейінгі су аралықтағы Өнеге (Свобода) көшесі бойындағы ауыз су жүйесі және Жас Алаш көшесіндегі құдығынан бастап Ақжол көшесіндегі су құдығына дейінгі аралықтағы Тұмарөткел көшесі бойындағы ауыз су жүйесінің құрылысына 130,3 млн. теңге.

«Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде Ұлттық қордан 350,0 млн.теңге, республикалық бюджеттен 2 932,6 млн. теңге және облыстық бюджеттен 685,5млн. теңге, қалалық бюджеттен 86,7 млн. теңгебарлығы 4 054,8 млн. теңге бөлінді.( көше жолдарын жөндеу, көпірді күрделі жөндеу, жаяу жүргіншілер жолының құрылысы және электр желілерімен жабдықтауға).

БӨЛІСУ