ҚАЛА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

2025 жылдың I-тоқсанында мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы.

Бөлімнің үлкен бір міндеттерінің бірі ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру барысында Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы                      № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қаланың 760 көшесінің 430 көшесі кісі есімімен, 263 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 107 шартты атау берілген.

Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы  23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.

ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында 2025 жылдың I тоқсаны бойынша                          41 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Сондай-ақ, 45 жарнама объектілеріне келісім берілді.

Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша

Бүгінгі күнге қала көлемінде 85 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды – 4, жергілікті маңызда – 34 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 47

Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37, және 29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

Ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37 және 29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

Мәдени көпшілік-шаралар бойынша

Қала және қалаға қарасты мәдениет үйлері мен клубтарында наурыз айында барлығы 258мәдени көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 62284көрермен қамтылды. Оның ішінде: ауылдық жерде 158 шара, көрермені 10740.

А. Тоқмағамбетов МҮ

      Үстіміздегі жылдың 16 қаңтары күні сағат 16.00 де А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде «Терроризм – әлемге төнген қауіп» атты сала мамандарының қатысуымен кездесу кеші өтіп, оған Қызылорда қалалық мәдениет үйіне қарасты мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарының қызметкерлері қатысты.

      Кеште Оңалту және киберқадағалау жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысыЕрубай Асхат Рустамұлы,ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері Телеуов Мұрат Сансызбекұлы,  Марат Алмаз Амирұлы,Қызылорда облысы Полиция департаментінің жару-технигіҚұдайберген Жансүйген,Полиция департаментінің қызметкерлеріТурмаханов Илияс Нуртайұлы, Маратов Жарас Маратұлытақырыптар аясында баяндама жасап, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, толыққанды мәліметтер ұсынды.

Қатысқан адам саны: 80 адам

16 қаңтар күні сағат 11:00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жасөспірім оқушыларға «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «KINO TIME» бағыты бойынша режиссер Джон Фавроның «Арыстан патша» көркем фильмі көрсетілді. Фильмде  африкалық саваннаны мекен еткен аң-құстардың тынысы, олардың мейірімі мен махаббаты, сатқындығы мен билікке таласы сынды адамзатта кездесер жағдайлары баяндалады. Аталған шараға қаламыздың мектептерінен 250 ге жуық оқушылар мен ұстаздар тартылып фильмді тамашалады.

Көрермен саны – 250

Қалалық мәдениет үйі өнерпаздарымен Белкөл кенті клубының бірлесе ұйымдастыруымен «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «АRT УАҚЫТ» бағыты бойынша «Мейірбандылық-жүректен» атты қайырымдылық концерті өтті.

Шара барысында Белкөл кенті клубының директоры Накипов Бағдат Әділбекұлы сөз сөйлеп, барша ем алушыларға жылы лебізін білдіріп,

 А.Қоразбаевтың «Аққуым», Бәкір Тәжібаетың «Туған жер» әнімен шараны бастады. «Атамұра» дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Ерлан Үркинбаевтың орындауында «Қызыл алма», «Таң Сыры», қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Айбек Шүкіровтың орындауында «Шаттығым сен», «Дүние-ай», Өтенова Тоғжанның орындауында «Аппақ гүлдер», «Ұнағансың», Болат Әйгерім мен Тұрсынбек Нұрәлидің орындауында «Арман-ай» әндерін орындап, ем алушылар өз ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Қамтылған адам саны: 100

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 16-шы жұлдызында сағат 16.00-де                  А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Діни экстремизм, терроризм – әдемге төнген қауіп» атты сала мамандарының қатысуымен кездесу кеші өтіп, оған Қызылорда қалалық мәдениет үйіне қарасты мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарының қызметкерлері қатысты.

Кеште Оңалту және киберқадағалау жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ерубай Асхат Рустамұлы, ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері Телеуов Мұрат Сансызбекұлы, Марат Алмаз Амирұлы, Қызылорда облысы Полиция департаментінің жару-технигі Құдайберген Жансүйген, Полиция департаментінің қызметкерлері Турмаханов Илияс Нуртайұлы, Маратов Жарас Маратұлы тақырыптар аясында баяндама жасап, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, толыққанды мәліметтер ұсынды.

Қатысқан адам саны- 80 адам

 2025 жылдың 23 қаңтар  күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 30 жылдан астам тарихы бар “Мереке-Думан” халықтық әзіл-сықақ отауының  концерттік бағдарламасы болып өтті. «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының жаңа құрамы жаңа бағдарламасымен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Халықтық ұжымның бұл жаңа бағдарламасында сахнагерлер  Дулат Сағаттың «Сүр бойдақ», Мейрамбек Нұртазаның «Дәрігер емес дәрігер», Жанар болатбекованың «Тосын сый» интермедияларымен халықты күлкіге қарық қылса,  Әйгерім Өмірбек, Елжан Берістенбаев, Мөлдір Құлахметова, Тоғжан Өтенова, Айбек Шүкіров сынды әншілер мереке ажарын ашатын әндерді әуелетіп, «Aqmaral» би студиясы мен «Orda Drive»  заманауи би топтары бимен көркемдеді.

Қатысқан адам саны-200

2024 жылдың 24 қаңтар күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында«Жұмысшы мамандық ел болашағының негізі» атты  қаламызда адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен кәсіп иелерімен  студент жастардың кездесу кеші болып өтті. Кештің мақсаты – елімізде ісін өрге дөңгеленткен кәсіпкерлердің  тәжірибесімен бөлісіп, жетістіктерін жастарға паш ету. Туған елге, жерге деген  сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді ояту. Бүгінгі таңда жастарды кәсіпкерлікке тарту — уақыт талабы. Кеш қонақтары қаламызға белгілі «Ainurs cakes» кондитерлік цехының басшысы Баймаханова Айнұр, ЖК «Аралбаева» шұлық өндіру цехының басшысы Аралбаева Сарсенкүл, «KazAgroMir» жылыжайының басшысы Алматов Ғани өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, жас буын өкілдеріне ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар олар жастарға басынан өткерген қиындықтарын айтып, жетістікке жету жолдарымен бөлісті.

«Кәсіпкер болу керек» деп айта бергеннен кәсіпкер шықпайды. Адам жастайынан қай салаға икемді болса, соны дамыту керек деп ойлаймын. Уақыт өте келе бір саланы таңдауға тура келеді. Білімге, жаңашылдыққа ізденіс болумен қатар, өз-өзіңді дамытудан шаршамау керек. Кәсіпкер бір саланы өмір бойы алып жүрмеуі де мүмкін. Нарыққа қарай бейімделіп, жаңа жобаларға көңіл бөліп, кейінгі технологияны да пайдаланған абзал, — деді кездесу барысында Сәрсенкүл Сапарбекқызы.

Иә, іскер кәсіпкер тынымсыз еңбегі мен білімінің арқасында бүгінде жетістікке жетіп отырған жайы бар. Мұндай  азаматтарды өскелең ұрпақ танып, білуі қажет. Кездесудегі басты мақсат та осы. Артынан ерген жастарға өмірге шынайы көзбен қарап, еңбекқор болуды үйрету. Оларға үлгі бола білу.

Қатысқан адам саны-250

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында сағат 10:00-де А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «KreativART» атты мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында үйірмелерді үйлестіру және жандандыру жұмыстарына арналған қалалық семинар болып өтті. Семинардың модераторы кәсіпорын әдіскері С. Жұбандықова болды.

  Шара басталарда қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған үйірмелердің жұмыстары туралы бейнеролик көрсетілді.

Семинардың басты мақсаты – үйірмелер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, үйірме жұмыстарының маңыздылығын арттыру, үйірме жетекшілерінің кәсіби дамуына ықпал ету, жаңашыл тәжірибелерімен бөлісу.

«Қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қанатбаева Эльмира Қожасқызына алғы сөз беріліп, үйірме жұмыстарына сәттілік тіледі.

Семинарда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының жас маманы, ақпараттық сектор меңгерушісі, сценарист, концерт жүргізушісі Мәлік Қонысбек Зұлпықарұлы және үздік үйірме жетекшілері: А. Тоқмағамбетов мәдениет үйі жанынан құрылған «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, белгілі ақын, «Құрмет» орденінің иегері Байдаулетов Мамыр Бәйментайұлы,  «AQMARAL» би студиясының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қойшығұлова Ақмарал Мұсағалиқызы, «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ұстаз, майталман маман Есмұрзаева Бағдагүл Саинқызы, Талсуат ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Алақай» балалар драма үйірмесінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, қоюшы-режиссер Жанмұратова Күләш Дүйсенбайқызы, Қызылжарма ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған 10 жылдан астам тарихы бар «Қуаныш» әжелер ансамблінің жетекшісі, мәдениет майталманы Мырзабаева Қуаныш Ахметқызы үйірме жұмыстарын жүргізудегі озық тәжірибиелерімен бөлісіп, баяндама оқыды. Шара — түрлі халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері атанып жүрген үйірме өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасы.

Қатысқан адам саны -125

2024 жылдың 29 қаңтары күні сағат 10.00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жас жеткіншектерді үйірмеге тарту, олардың  шығармашылық қабілетін дамыту  мақсатында  «Ашық есік» күні болып өтті. Шараға қала мектептерінен оқушылар мен ата-аналар қатысты. Мәдениет үйінің фойесіне қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған үйірмелердің жетістіктерін орналастырылды. Ашық есік күні мерекелік іс -шарасы барысында ата-аналар өз балаларын қалаған үйірмелеріне жаздыртып қана қоймай, олардың жетістіктеріне де куә болды.

Қатысқан адам саны-160

31 қаңтар күні ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жыр қағаны – Жұматай»атты әдеби-сазды кеш өтті.

А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде өткен жыр кеші қалыптасқан форматтардан өзгеше, еркін түрде өтіп, тек қана Жұматай жырларына басымдық берілді. Шара басы ақын туралы шағын бейнесюжетпен басталды да, студент жастар бірден ақын өлеңдерін оқуды бастап кетті.

Өлең өлкесіне өзінің Кенежиренімен келіп, мәңгілік Музасына айналған Ләйласымен танылған Ж. Жақыпбаев поэзиясы көрерменді тәнті етті. Шара барысында ақын Ұ. Бекұзақұлы, А. Түменбайлар да ақын өлеңдерін оқып, арнауларын ұсынды.

Әдеби-сазды кеште лирикалық бағытта әндер де шырқалып, әншілер А. Өмірбек, Ж. Жақсандар көрермен ықыласына кенелді. Кеш соңын бөлім басшысы Ж. Тәжмаханов қортындылап,   шараға атсалысқан барлық студент жастарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.

 Қатысқан көрермен саны -200

2025 жылдың 31 қаңтар күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Шиелі ауданына гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері келген көрерменнің көңілін көтеріп, күлкіге көмді.

Қатысқан адам саны-300

2025 жылдың 14 ақпан күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәстүрлі «Ең сүйкімді бүлдіршін-2025» атты қалалық байқау өтті.

Бүлдіршін қыздардың әсемдік әлемін танып, ертегі шаһарына саяхат жасап, періште-таза қиялдарын сұлулықпен қауыштыру мақсатында өткізілген байқауға қала және қалаға жақын орналасқан ауылдық округ мектептерінен барлығы 28 талапкер қатысты.

Байқауға ҚР мәдениет саласының үздіктері М.Ералиева атындағы қалалық мәдениет үйінің әдіскері Ләйла Насимханова, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртісі Ұғым Баймаханов және педагог-хореограф Қойшығұлова Ақмарал Мұсағалиқызы қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге №11 мектеп-лицейінің намысын қорғап келген Азаматова Теона лайықты деп танылса, І орынға №173 орта мектеп оқушысы Әуелбек Іңкәр және №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатынан келген Ғанибек Кәусар, жүлделі ІІ орынды №179 орта мектептен Раймбек Айзере, №43 мектептен Рысбек Інжу және №257 мектептің оқушысы Дарханқызы Муслима иеленді. ІІІ орынды №23 мектеп-лицейінің оқушысы Бакова Айханша, №7 мектеп-лицейінен келген Бауыржанқызы Ханшайым, №264 мектеп-лицейінің оқушысы Рысбекова Райана, №172 мектептің оқушысы Марат Аяна, №3 мектеп-лицейдің оқушысы Сұлтанбек  Бірғаным және  №261 мектеп оқушысы Жарылқасын Аяулым бөлісті.

Қалған бүлдіршін қыздарымызға арнайы номинациялармен, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қатысқан адам саны – 350

Бүгін  2025 жылдың 15 ақпан күні «Тағзым» алаңында батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев сөз алып, азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.

Бұл күн — өткеннің естелігін жаңғыртып, сол кездегі өр кеуде, өршіл рухты бауырларымызды еске алар күн. Сіздердің қызметтік борыштарыңызды атқару үстінде көрсеткен батылдықтарыңыз бен жанқиярлықтарыңыз елге — мұра, ұрпаққа — өнеге. Соғыс кезінде шейіт болған ағаларымыздың барлығы ел қаһармандары екені сөзсіз. Жыл сайын ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді біз еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз, — деді Дархан Есалыұлы.

Шарада батырлар рухына құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

 Қатысқан адам саны-150

 

2025 жылдың 15 ақпан күні сағат 11.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылордада Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

«Тағзым» алаңында ескерткішке гүл қою рәсімінен басталған жиын, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Ерлікке, елдікке тағзым» атты салтанатты шараға жалғасты.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысы Руслан Қаюпов ашып берген шарада аймақтың әлеуметтік — экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар Ауған соғысының ардагерлері облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталып, қала өнераздары мен әскери қызметкерлердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Қатысқан адам саны-250

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «КІNO TIME» бағыты бойынша «Батырлар»  фильмі көрсетілімінің мәліметі

20 ақпан күні сағат 11:00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жасөспірім оқушыларға «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «KINO TIME» бағыты бойынша режиссер Асқар Ұзабаевтың  «Батырлар»  көркем фильмі көрсетілді. Кинофильмде көрермен орта ғасырдағы соғыс пен қантөгіске толы заманға саяхат жасайды. Осындай қиын-қыстау заманда дүниеге келген бозбаланы тағдыры батыр болуға итермелейді. Жастайынан ер мінезді болып өскен Қарасайды әкесі Алтынай батырлық пен батылдыққа баулып өсіреді. Қарапайым бозбала қолбасшы атағына қалай жетті? Ол қандай шайқастарда жеңіске қол жеткізді? Қазақтың кең даласын сақтап қалу үшін ол қандай қадамдарға барды? Осы сұрақтардың жауабын оқушылар “Батырлар” кинотуындысынан көре алды.

Қатысқан адам саны-250

2025 жылдың 28 ақпан күні сағат 10.00-де «Тағзым алаңында» Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 36 жыл толуына орай орай  еске алу митингісі өтті.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ардагерлерге ізгі лебізін арнады. «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.  Ядролық сынақ зардабын жоюға қатысқан марқұмдардың рухына құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.  Бірқатар ардагерге қала әкімінің «Алғыс» хаттары табысталды.

Қатысқан адам саны-150

Жемқорлықсыз қоғам» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сала мамандарымен кездесудің мәліметі

Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні сағат 10:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жемқорлыққа қарсы– жас ұрпақты әділдікке, отансүйгіштікке, имандылыққа, адал еңбекке үйретіп, бойларына індетке қарсы тұратындай күш –жігер, намыс ұялату, жемқорлықты болдырмай, алдын-алу мақсатында «Жемқорлықсыз қоғам» атты  «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы, «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаты Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысындағы филиалы директоры, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес мүшесі, «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаты Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлымен кездесу болып өтті.  Шараның модераторы қалалық мәдениет үйінің әдіскері С. Жұбандықова болды.

Кеш қонақтары сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі  екенін,  қазіргі таңда қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатқандығы және қарсы іс-қимыл шараларын, жемқорлықсыз мәдениетті қалыптастыру қажеттігін баса айтты.

Шара соңы сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз. Жемқорлықты болдырмай, алдын-алуға баршаңызды шақырамыз! Жемқорлықсыз қоғамды бірге қалыптастырайық! – деген модератордың пікірімен аяқталды.

Қатысқан адам саны — 210

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында

«Мамандығым-болашағым» атты қалалық өнер байқауының мәліметі

Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні сағат 16:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мамандығым-болашағым» атты қалалық өнер байқауы болып өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанына орай, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз кәсіби маман болу идеясын насихаттау, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жетіп, құрметті, сыйлы болуға тәрбиелеу, нағыз өнерліні тану мақсатында ұйымдастырылған өнер байқаудың алғы сөзін Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 3 кезеңнен тұратын өнер додасында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының 14студенті бақ сынады.

«Қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының орынбасары Мейрамбек Нұртаза Қалдыбайұлы, Қызылорда облысының білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының педагогикалық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Мырзалиева Асель Нұралықызы, Қалалық мәдениет үйі, «Мәдени іс-шаралар және халықтың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру» бөлімінің әдіскері, ақын Кәдірбай Ғабит Жәлижанұлылар қазылық етті.

Байқау нәтижесінде І орынды Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің студенті Досхожаева Алина, ІІ орынды «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің студенті Қарабатырова Қарақат, ІІІ орынды «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінен Тлеген Нұрай иеленді. Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат — колледжінен Әзтай Әбілмансұр «Көрермен көзайымы» номинациясымен, Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінен Қадырхан Нұрхан Игілікұлы «Ұшқыр ой» номинациясын иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.

Қатысқан адам саны — 260

1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған

«Ақжарма алғыс, айқұшақ әлем» атты мерекелік шараның мәліметі

Ағымдағы жылдың 1 наурызы күні А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде көктемнің алғашқы мерекесі, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн 1 наурыз- Алғыс айту күніне орай «Ақжарма алғыс, айқұшақ әлем» атты мерекелік шара болып өтті. Шараның басы тақырыптық прологпен басталып, Айбек Шүкіровтің орындауындағы А.Салабековтің «Рахмет, саған, туған ел!» әнімен жалғасты. Қала әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы барша қызылордалықтарды құттықтап, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қала тұрғындары мен түрлі сала қызметкерлерін марапаттады.

Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Ізгілік пен татулықты, іргесі берік достықты насихаттап келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл толуына орай Кәріс этномәдени бірлестігі жанынан құрылған әжелер ансамблі, республикалық байқаулардың лауреаты Константин Луца, қызылордалық балғындардың жыр шумақтарын, Мүлкәман Қалауов атындағы «Өнер мектебінің» домбырашылар ансамблі, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жанынан құрылған «Нұргүл» халықтық би ансамблі, Сыр сүлейлерінің бүгінгі ізбасарлары Қуаныш Алғазиев, Тоғжан Бақытова, Жәнібек Жақсандар, Құраманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Бейбіт Темірхан, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжінің студенттері Жақсан Мұқағали және Маханбетхали Досымжан  және мәдениет үйінің өнерпаздары сахнада өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді.

Қатысқан адам саны -300

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған

«Шуақ шашқан гүл көктем» атты мерекелік салтанатты шараның мәліметі

Ағымдағы жылдың 6 наурызы күні сағат 17:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Шуақ шашқан гүл көктем» атты мерекелік концерт болып өтті. Шараның басы ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері, белгілі композитор Сәбит Ұлықпанұлының ана, әйел заты туралы бірқатар әндерінен жасалған музыкалық композиция фонында сахнаға 3 жігіт шығып, көктем, нәзіктік пен сұлулық тақырыбында өлең шумақтарын оқып, ақын жігіттер жыр оқып жатқанда «Арайлы» би тобының биші қыздары режиссерлік шешіммен мизанцена жаса, тақырыптық прологпен басталды.  Сонан соң балалар хорының орындауында С.Ұлықпанның «Ана жылуы» әнімен жалғасты.      Салтанатты кешіміздің құттықтау сөзі Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлына беріліп, өмірдегі ең құдіретті міндет бала өсіріп, тәрбиелеген, бар саналы ғұмырын жанұя, отбасы, бала тәрбиесіне арнаған батыр аналарымызды, аруларымызды мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар облыс әкімінің алғыс хатымен Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бірқатар арулары марапатталады. Кәсіпорынның өнерпаздары барша нәзік жандылардың құрметіне арулар ажарын айшықтаған әндер топтамасымен  жанды дауыста көрермендермен бірге ән шырқады. Мерекелік шараның соңы көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 «Қожабековтер халықтық» отбасылық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Қуаныш» әжелер ансамблінің жетекшісі, Мәдениет майталманы, «Аяулы ана» медалінің иегері, Батыр ана Қуаныш Ахметқызының 50 жас мерейтойына арналған «Өмірім өнеріммен өрнектелген» атты бенефис кешінің мәліметі

«Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» қолдауымен «Қожабековтер халықтық» отбасылық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Қуаныш» әжелер ансамблінің жетекшісі, Мәдениет майталманы, Батыр ана Қуаныш Ахметқызының 50 жас мерейтойына арналған «Өмірім өнеріммен өрнектелген» атты бенефис кеші өтті.

Кеш барысында Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы құттықтау, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әкбарұлы сөз сөйлеп өз құттықтауларын білдірді. Сондай — ақ қала әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы арнайы қатысып, Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасы» табысталды.

Кеште Қ.Ахметқызының өмірі мен шығармашылығын еске алып, оның өнер жолындағы жетістіктері мен тағылымды кезеңдері көрсетіледі. Сонымен қатар, кеште оның жетекшілігіндегі ансамбльдердің өз өнерлері көрсетіліп, түрлі музыкалық және би қойылымдары ұсынылып  көрермендер ықыласына бөленді.

Қамтылған адам саны: 200

Наурыз – Ұлттық киім күніне арналған «Ұлттық нақыш – болмысымыздың айнасы» атты қазақтың ұлттық киімін насихаттау мақсатында флешмобтың мәліметі

Бүгін, «Aray City Mall» сауда орталығында өткен ерекше іс-шараның куәгері болдық! Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған флешмоб барысында қатысушыларымыз өздерінің ұлттық киімдерінде болып, халықтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтады.   Әрбір деталь, әрбір өрнек – біздің болмысымыздың айнасы. Бұл іс-шара жастарды қазақтың мәдени құндылықтарын сақтауға және насихаттауға шақырады. Шараға қатысқан барлық өнерпаздар мен көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз

Қамтылған адам саны: 150

21 Наурыз – Ынтымақ күніне арналған «Бақ-берекем, құт мерекем — әз Наурыз» атты мерекелік концертінің мәліметі

Үстіміздегі жылдың 21 наурыз күні, Наурызнама онкүндігі аясында Ынтымақ күні кеңінен аталып өтті. Өнер орталығы жанындағы Ә. Спанов көшесінде өткен «Бақ-берекем, құт мерекем — әз Наурыз» атты мерекелік концерт шаһар тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Арнайы дайындалған би композициясымен басталған кеште эстрада жұлдызы, дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева және жергілікті таланттар өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, кеш барысында көрермендер арасында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтармен марапатталды. Қызылорда аспанын ән мен жырға бөлеген мерекелік концерттен қала тұрғындары жақсы әсермен тарқасты.

Қамтылған адам саны: 2000

22 НАУРЫЗ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕМ, НАУРЫЗ – МЕРЕКЕМ!» АТТЫ МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ШАРАНЫҢ МӘЛІМЕТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап,

Сыр өңірінің даму жолындағы жаңашылдықтар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер алдында көрмелер мен салт-дәстүр қойылымдары қойылды. Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына арналған «Жауһар жәдігер» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-байқауы да келушілерге ұсынылды.

Аймақ басшысы Айбарша, Айбике, Айбибі есімді үшемнің тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің жаңа өмірге тәй-тәй басқан қадамына ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар «Түйе палуан» сайысы және ұлттық спорттың басқа да түрлерінен жарыстар болды.

Мерекелік басқосу отандық эстрада жұлдыздарының және жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Қамтылған адам саны: 30000

4 ақпан күні –Асқар Тоқмағабетов атындағы мәдениет үйінде Сәбира Майқанова мәдениет Үйінің жанынан құрылған «Арман» инклюзивтік театрының «Әкемнің шалғысы» драмалық қойылымы сахналанды.

Қойылымның авторы «Арман» инклюзивтік театрдың үйірме жетекшісі  Телеубаев Талғат Рахымұлы. Қойылымның мазмұны желтоқсан оқиғасы желісі бойыншы баяндалады, Алматы қаласына келген жас студенттің басынан өткен оқиғасы бейленеді. Жас студенттің сол оқиғаға қатысқаны, көрген қиындықтары сомдалады. Спектакль, көрерменге сол 1986 жылы болған оқиғаны көзімен көргендей әсер қалдырды. Бұл қойылымды көруге 200 жуық адам келді оның ішінде желтоқсан оқиғасына қатысқан, өз көзімен көрген аға әпкелеріміз келіп тамашалады, сол кезді бір еске алып көздеріне жас алып қалды. Қойылым аяқталғаннан кейін көрермендер актерларға сол сәтті жақсы жеткізгені үшін өз алғыстарын білдірді және актерлармен естелік суреттерге түсті.

Қатысқан адам саны – 220

13 ақпан күні – С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеш болып өтті.

Оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Шараға ауған соғысының ардагерлері Ибраев Жакып, Кошанов Мерген, Ендібергенов Бекболат, Ахметов Ерғанат, Сыздықов Айбол ағайлар қатысып, өздерінің естеліктерімен бөлісіп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Қатысқан адам саны – 150

20 ақпан күні —  С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінде «Ислам және отбасы құндылығы» атты семинар болып өтті. Семинардың басты мақсаты – Исламдағы отбасы түсінігі және оның маңыздылығы, ер мен әйелдің орнын баяндау болды. Семинарда Қызылорда облысының Бас имамы Дастан Құрманбаев, қоғам қайраткері Серік Ыдырысов, Қызылорда қалалық «Құддыс ишан» мешітінің Бас имамы Бисен Мұстафа, айтыскер ақын, жырау Айдос Рахметовтер «Ислам және отбасы құндылығы», «Отбасы тәрбиесі», «Қоғамдағы ажырасу мәселелері», «Дәстүрлі қазақ отбасындағы тәрбие негізі» тақырыптары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар А.Рахметов пен баласы Нөсер Айдосұлы жырдан шашу шашты.

Қатысқан адам — 220

21 наурыз күні — «Креативті HUB» бағыты бойынша «Қолөнер – сырлы өнер» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Ел тұрмысына сән берген қолөнерді халық өмірінен бөліп алып қарау мүмкін емес. Көрмеде бұдан өзге киізден жасалған түрлі қолғап, бас киімдерді де кездестуріге болады. Әсіресе, түрлі-түсті майда тас, моншақтардан ағаш бейнесін жасағанда, ол керемет сұлу болып  көздің жауын алады. Бұл жерде қазақи оюлармен көмкерілген көрпе, жастықтарды да көптеп кездестіруге болады. Жалпы, кенттің орталық алаңына келген тұрғындар бұл күні біраз көңіл көтеріп, мерекеде жақсылап демалып қайтты.

Қатысқан адам саны -3000

21 наурыз күні — Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы Тасбөгет кентінің орталық алаңында аталып өтті. Мерекелік шара жиналған қауымға ерекше көңіл күй сыйласа, шаһар басшысының арнайы құттықтауын қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Сыражадинұлы жеткізді.

Мерекелік іс-шара халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналды. Алаңда қазақтың ұлттық ойындары мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Жас палуандар арасындағы тартысты белдесулер, арқан тартыстағы командалық рух пен мықты жігіттердің гір тасын көтерудегі шеберлігі көпшілікті тәнті етті.

Наурыз думаны ән мен жырсыз өтпейтіні белгілі. Мереке барысында ұлттық әндер шырқалып, дәстүрлі билер орындалып, өнерпаздар мерекенің сәнін келтірді.

Қатысқан адам саны -3000

Ағымдағы жылдың наурыз айының 19 жұлдызында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдан бастап Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипатқа ие болып, Наурызнама онкүндігі бойынша, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «АРТ уақыт» және «Креативті HUB» бағыттары бойынша Ақсуат ауылдық округі, Ж. Махамбетов ауылы, Орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама өткізілді. Шара қазақы нақышта киінген мекеме қызметкерлерінің шеруімен басталды. Шара барысында алғы сөз қала әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлына және қоғамдастық кеңес төрағасы Әбуов Өмірсерік Әбуұлына, ауыл әкімі Бақытов Нұрболат Бақытұлына  беріліп, «Еңбекшілер жылы» аясында ауылымызға еңбегі сіңген еңбек ардагерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Наурыз — «Жаңа күн», Күн мен түннің теңеліп, Табиғат — ана оянатын, Ұлыстың ұлы күні мерекелеріңіз баршаңызға құтты болсын. Кеш қонақтары облыстық филормония әншілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрі қарай ауыл өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Мешіт асханасында ауыл тұрғындарына мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Шара соңында спорттық сайыстардың жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Қатысқан адам саны 350.

Биыл Алтын Орданың құрылғанына – 755 жылдығы мен Қазақ хандығының құрылғанына – 560 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осыған орай жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Болашақ» университеті жоғары колледжімен бірлесіп, «Алтын Орда – қазақ хандығының бабасы» атты тарихи кеш өткізді.

Кештің алғы сөзін «Болашақ» университеті жоғары колледж директоры Енсепов Асқар Әлиұлы ашып, шараның өскелең ұрпаққа берері мол екенін атап өтті. Тарихи кешке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, тарих және археология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, тарих магистрі Мәулен Мұратбекұлы мен облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми хатшысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Асхат Қожакелді арнайы шақырылды. Олар қазақ ордасының негізін салған тұңғыш хандарымыз Керей мен Жәнібек туралы ойларымен бөлісіп, тарихтан сыр шертті.

Сонымен бірге кеш барысында «Болашақ» университеті жоғары колледжінің студенттері Қазақ хандығына арналған көріністерін қойып, әдеби монтаж оқыды. Сондай-ақ «Тарих – ғасырлар куәсі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

БӨЛІСУ