2025 жылдың I-тоқсанындағы Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары.
Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 132 720 млн теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,4%-ды құрады.
Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі 18,9% төмендеген. (2024 жылы 3 ай -725 мың тонна, 2025 жылға 3 ай -587,9 мың тонна)
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 22 002 млн теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 118,8%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 1 230,6 млн теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 107,1%-ға артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 64 736 млн теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 116,9%-ға артты. Облыстағы үлесі 52,8%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 21 578 млн теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 163,9%-ға артты. Облыстағы үлесі 60,0%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 89 539 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,1%-ға артты.
Қала бюджетінің 2025 жылдың 1 сәуірге кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 20 419,5 млн теңгені құрап, 20 016,8 млн теңгеге немесе 98,0% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 8 867,0 млн теңгенің орнына 10 661,9 млн теңгеге немесе 1 794,8 млн теңгеге артығымен орындалды. (120,2%)
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 18 934,6млн теңге болса, 18 925,8 млн теңгеге немесе 100,0% игерілді. (8,7 млн теңге қалдық).
Шағын кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 34 862 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 33 252 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 106,0% құрады.
Бөлшек сауда көлемі 105 974,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 102,3% -ға артты. Облыстағы үлесі 87%.
Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 360,8 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның бүгінгі күнге 7 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
Іске қосылған жобалар:
1)«Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы». Құны 6,7 млрд теңге.
2)«Искаков» жеке кәсіпкерлігінің «Сауда үйі құрылысы». Құны 500 млн теңге.
3) «Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы».
Құны 1,2 млрд теңге.
4) «Көлік-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің «металл конструкция өндірісі». Құны 300,0 млн теңге.
5) «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны 15,7 млрд теңге.
6) «Technology Алем Ойл» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен АВТО шеберхана салу» жобасы. Құны 900 млн теңге.
7)«Орда автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндірісі» жобасы. Құны 1 млрд. теңге
Іске асырылу сатысындағы жобалар:
8)«Қызылорда — Нан» ЖШС-нің «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны 1,2млрд теңге.
9) «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысы жобасы. Құны 700 млн. теңге
10) «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС-нің Қуаты 250 МВт ЖЭО салу жобасы. Құны 215 млрдтеңге.
11) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қызылорда қаласында көтерме-бөлшек саудасы бар мамандандырылған қоймасы жобасы. Құны 4,6 млрд теңге.
12) «Кызылорда НК Курылыс» ЖШС-нің Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех салу жобасы. Құны 2 млрд теңге.
13) «AynaGlass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. Құны 1,5 млрд теңге.
14) «Medal Holding CmbH» Көпфункционалды инновациялық Индустриалды паркі жобасы. Құны 53,9 млрд теңге.
15) «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты жобасы. Құны 9,5 млрд теңге.
16) «Комфорт 1КЗ» ЖШС-нің Шыңдалған шыны және табақша шыныны өндіру зауытын кеңейту жобасы. Құны 2,5 млрд теңге,
17) «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің «HORN® Glass технологиясымен шыны ыдыстар зауыты жобасы. Құны 29 млрд теңге.
18) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қолданыстағы полигонды жаңғырту жобасы. Құны 4 млрд теңге.
19) «Нұрлы Тау» ЖШС-нің Кірпіш зауытының құрылысы жобасы. Құны 4,5 млрд теңге.
20) «Қызылорда Саз-М» ЖШС-нің заманауи кірпіш зауытының құрылысы. Құны 5 млрдтеңге.
21) «Freedom Telecom Operations» ЖШС-нің ұуаттылығы 1,2 МВт құрайтын күн электр станциясы. Құны 590 млн теңге.
22) «Рем — Пласт Инвест» ЖШС-нің гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі. Құны 559,2 млн теңге.
2025 жыл 1 наурызға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 363,2 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,6%. 2023 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 147,1 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 4,6%.
2025 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 6811 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,6%.
2025 жылдың 1 сәуіріне 3 161 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 342 — і тұрақты жұмыс орны.
Жыл басынан бері 2341 адам қоғамдық жұмысқа, 46 адам әлеуметтік
жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 202 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2024 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 370 490 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 107,2% артты, нақты жалақы индексі 99,1% болып қалыптасты.