«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ХХІ ЖҰМЫС МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Өңірде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының кезекті еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. «Жасыл ел» жалпыұлттық жобасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биыл осы игі бастамаға 20 жыл толып отыр. Бұл жастар арасындағы әлеуеттендіру бағытындағы ең маңызды бағдарламалардың бірі. Шараға қала және аудандардан 100-ге жуық жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Жасыл ел» қозғалысы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, ортақ идеялар төңірегінде топтастыруда. Жобаға биыл 1 200 жас маусымдық жұмыспен, орналастыру, қажетті экипировкамен, құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні 300 жас маусымдық жұмыстарды бастады. Сарбаздар облыс көлемінде орналасқан мәдени-демалыс орындарында, аллея, сквер, алаңдар мен парктердерде көгалдандыру, аумақтарды қоқыстан тазалау шаралары атқарылады.
Бүгінгі шара аясында еңбекші жастар Қызылорда қаласындағы «Ботаникалық бақты» көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы «Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты:

Біріншіден, жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

Екіншіден, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту.

Үшіншіден, Жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.

«Жасыл ел» жастар ұйымының міндеті:

Жасыл аймақтар мен қалалар, елді-мекендердегі дендросаябақтарды құруға қатысу. Елді-мекендерге жақын маңдағы орман, бақтардың демалыс аумақтарын тазалау, суғару, әктеу, көріктендіру.

Бүгінде «Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму: біздің еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе, маңызды және негізгі міндетіміз. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды».

БӨЛІСУ