Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 72 бұйрығының 2 — қосымшасына сәйкес «USTAZ» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттауды кезең-кезеңімен өткізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынға барлық бөлімге қарасты 38 мектеп, 2 қосымша білім беру, 32 балабақшаның жауапты мамандары қатысты.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы енгізілгеннен кейін аттестаттау платформада автоматтандыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Атап айтқанда, аттестаттау процесін автоматтандыру, яғни педагогтің жеке құжаттары мен оның біліктілік деңгейін анықтайтын қысқа мерзімде қорытындылайтын ақпараттық жүйеде тиісті материалдар автоматты түрде жинақталады және талданады.
Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 2 хаттамалық тапсырмасына сәйкес барлық білім беру ұйымдарына Платформаға деректерді енгізуді 2024 жылғы 29 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырды. Түсіндіру жұмыстарына байланысты мобильді топтар құрылып, жұмыстар ұйымдастырылады.