ҚАЗАЛЫДАН ТЕМІРБЕТОНДЫ ҚҰДЫҚ ШЫҒАРЫЛУДА

2013 жылдан бастап сантехникалық жұмыстарымен айналысқан Ұлан Төребекұлы Меңдібаев бетонмен артматураның бірігіп жұмыс жасауына қолайлы келетін, механикалық қасиеті бойынша ерекшелігі бар құрылыс материалын жан-жақты зерттеп, 2020 жылдан бастап «Ақжігіт» жеке кәсіпкерлігі бойынша отбасылық бизнесті дамытып отырған азамат.

Негізінен темірбетон бұйымдары шегендеу және орындалу сипаты, бетонның түрі, құрылымы және геометриялық үлгісі бойынша сипатталады.

Бүгінде Ұлан Төребекұлы су және кәріз жүйесіне арналған темірбетонды құдықтарды қақпағымен жасап, тапсырыс берушілердің сұраныстарына, өлшемдеріне сай бұйымдарын шығарады.

«Ақжігіт» жеке кәсіпкерлігі мемлекеттік бағдарлама арқылы темірбетон бұйымдарын өндіруге қолдау алып, бүгінде 6 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

БӨЛІСУ