Аудан әкімі А. Ибраимовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан шаралар, Жалағаш аудандық ауруханасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары туралы екі мәселе қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша келесі тапсырмалар берілді.
Мәдениет және тілдерді дамыту саласы қызметіне әр тоқсан сайын ішкі талдау жұмыстарын жүргізу ескертілді.
Жалағаш кенті, ауылдық округі әкімдері, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган басшыларына ұжымда сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында халықпен кері байланыс орнату үшін азаматтарға жеке қабылдау тұрақты негізде ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық насихат жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.
Жалағаш аудандық ауруханасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары туралы хабарлама тыңдалып, бірқатар тапсырмалар берілді.
Денсаулық сақтау мекемелерінде қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың орындаушылық тәртібі мен әдеп нормаларын қатаң сақтауына және адал қызмет етуіне тұрақты бақылау орнату тапсырылды.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген іс-шаралар жоспарын сапалы әрі уақытылы орындау қатаң ескертілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында парасаттылық, ашықтық, айқындық және цифрландыру қағидаттарын ілгерілете және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілген режимде жұмыс жасайтын болады.
Комиссия отырысының қорытындысымен хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлына жүктелді.