Ұлтты ұйыстырған Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны мазмұнды болып, халықтың көкейінде жүрген көптеген келелі мәселелер айтылды. Тың ойлар ортаға салынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен маңызды жиында сөйлеген сөзінде халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды екенін қадап айтты.
Осы ретте, бүгін, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ұлағат» мектебінде «Адалдық – ардың ісі» тақырыбында кездесу өтті. Оған өңірлік ҚХА жанындағы Медиаторлар кеңесінің мүшелері, кәсіби медиатор Жақсыбай Жакеев, «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, өңірлік ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова және мектеп оқушылары қатысты.
Кездесуде спикерлер біртұтас ұлт, берекелі қоғам қалыптастырудағы медиацияның рөлі және Ұлттық құрылтайда көтерілген күрделі мәселелерді атап өтті. Соның ішінде, жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар арқылы ұлт бірлігін нығайту. Ел бірлігі үшін, мемлекет пен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қою сынды мәселелер, ұлтымыздың тарихи сана-сезімін нығайту, мәдени мұраны жан-жақты дәріптеу, руханият, мәдениет, тарих, ұлт саулығы, адам капиталы, ұрпақ тәрбиесі саласында қордаланған мәселелерге тоқталды. Мемлекеттік тіл мәселесі де тілге тиек етілді.
Қорыта айтқанда, жастарды ұлт бірлігін бекемдеуге, өскелең ұрпақты білім мен ғылымға деген қызығушылығын оятуға бар күш жігерді салуға шақырды.